news

Ғылым апталығы аясында ғылыми семинар өтті

2026-04-10 | Ғылым

Ғылым апталығы аясында "Биоинженерлік жүйелер" кафедрасының профессор-зерттеуші, т.ғ.д. Какимов А.К. студенттер, докторанттар және жас ғалымдарға "Scopus және Web of Science базаларына тіркелу, мақаланы іздеу, талдау, жолдау мен талаптарға сай рәсімдеу" және "ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурстары" тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

    Семинар барысында жас ғалымдардың ғылыми жарияланымдар даярлау тәжірибесін жетілдіру, Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларына мақала дайындау ерекшеліктерін талқылау, сондай-ақ ғылыми жобаларға және гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға қажетті құжаттарды әзірлеу жолдары жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды.

     Семинар жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық базаларда сапалы мақалалар жариялау дағдыларын қалыптастыруға және гранттық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге маңызды үлес қосты. Алынған тәжірибе мен пайдалы кеңестер қатысушылардың болашақ ғылыми жұмыстарына зор серпін береді.

Бөлісу