news

Семинар «Ғылыми жобалар. Негізгі әзірлеу кезеңдері»

2026-02-26 | Ғылым

26 ақпан 2026 жылы «Тамақ технологиясы» кафедрасының профессорлары К. Ж. Амирханов , Б. К. Асенова және Ф. Х. Смольникова магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарға «Ғылыми жобалар: негізгі әзірлеу кезеңдері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда зерттеу тақырыбын таңдау, мақсат-міндеттерді анықтау, ғылыми әдістерді қолдану және нәтижелерді талдау мәселелері қарастырылды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, тәжірибелі ғалымдардың кеңестерін тыңдады. Іс-шара жас зерттеушілердің ғылыми жұмысын тиімді ұйымдастыруға және олардың ғылыми мүмкіндіктерін дамытуға, болашақта табысты жобалар жасауына жаңа мүмкіндік ашты.

Бөлісу