Өндіріс пен білімнің сабақтастығы – болашақ маман кепілі!
2025-10-14 | Жаңалықтар
«Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Окусханова Элеонора Курметовна ПП-201 тобымен Qazaq Astyq Group корпорациясының май экстракциялық зауытында болды. «Өсімдік майларын өндіру технологиясы» пәні аясында студенттер теориялық білімді өндірістегі практикалық жұмыстармен үйлестіре отырып, дуалды оқытудан сәтті өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, өндіріс барысын өз көздерімен көруге мүмкіндік беру. Студенттер заманауи технологиялармен танысып, май өндірудің негізгі кезеңдерін зерттеді. Мұндай іс-шаралар болашақ тағам инженерлерінің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, өндірістік ортаға бейімделуіне зор ықпал етеді.