«Шебер қолдар – болашақ мамандықтар» байқауы сәтті өтті!
2025-04-03 | Жаңалықтар
3 сәуір күні «Тамақ технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдауға бағытталған ерекше байқау өтті. Байқауға Абай облысының колледж студенттері қатысты. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Қазылар алқасы үздік жұмыстарды бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Студенттер үшін бұл байқау үлкен тәжірибе алаңы болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!