Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойы – жаңа жетістіктер мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызды кезеңі!
2024-11-14 | Жаңалықтар
Шәкәрім университеті, Тамақ инженериясы зерттеу мектебі ерекше қонақты — Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (ҚХР) Азық-түлік ғылымдары және инженерия факультеті деканының орынбасары, PhD, профессор Li Juxiu ханымды зор құрметпен қарсы алды. Кездесу барысында профессор Li Juxiu қосдипломды білім беру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл біздің студенттерімізге екі жетекші университетте сапалы білім алып, әлемдік деңгейдегі жоғары білікті маман атануға үлкен мүмкіндік ашады. Біз бұл ынтымақтастық ғылым мен халықаралық байланыстарымызды нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенеміз!