«Тамақ технологиясы» кафедрасының «Food Science» ғылыми үйірмесінің жұмысы.
2026-02-17 | Ғылым
«Тамақ технологиясы» кафедрасының «Food Science» ғылыми үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес магистр, оқытушы Атамбаева Ж.М. студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Студенттік «Food Science» ғылыми үйірмесінің негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары – тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, тағам өндірісінде биологиялық белсенді қоспаларды қолдану, қалдықсыз технологияларды дамыту және жергілікті табиғи ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.
Осындай бастамалар арқылы біз ғылым мен өндірісті жақындастырып, Қазақстанның азық-түлік саласының дамуына өз үлесімізді қосып келеміз.