Халықаралық семинар және шеберлік сыныптары — жаңа білім мен тәжірибе алмасу алаңы
2024-10-12 | Жаңалықтар
30.09-12.10.2024 жылы Шәкәрім университеті Тамақ технологиясы кафедрасы базасында Қытай Халық Республикасынан келген серіктестер «Азық-түлік саласындағы қазіргі тенденциялар» тақырыбында семинар және деректерді талдауға арналған SPSS және R бағдарламалық қамтамасыз етулерімен жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.
Семинар барысында азық-түлік өнеркәсібіндегі өзекті мәселелер мен инновациялар, жаңа технологиялар, өндірістегі тұрақты тәсілдер және азық-түлік қауіпсіздігі тақырыптары талқыланды. Қонақтар озық тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін де қарастырды.