Тамақ технологиясы кафедрасының студенттері @shakarim.itf.qoldau Қолдау еріктілер ұйымымен қаладағы @semeydomrebenka балалар үйіне баруы
Тамақ технологиясы кафедрасының студенттері @shakarim.itf.qoldau Қолдау еріктілер ұйымымен қаладағы @semeydomrebenka балалар үйіне барды. Бұл сапар - жай ғана кездесу емес, жүректен шыққан шынайы қамқорлықтың көрінісі болды. Студенттеріміздің мейірімді, тәрбиелі, жанашыр, «жүрегі кең» азамат болып қалыптасып келе жатқаны ерекше қуантады. Олар балалармен бірге ойын ойнап, түрлі қызықты сәттер ұйымдастырып, тәтті сыйлықтарын тарту етіп, кішкентай жүректерге қуаныш сыйлай білді. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері – осы игі істің ең үлкен нәтижесі болды. @semeydomrebenka мекемесінде мемлекет тарапынан балаларға барлық қажетті жағдай жасалған. Тәрбиеші апайлар да әр балаға бар мейірімін төгіп, қамқорлық көрсетіп, жылы сөздерімен олардың көңілін таба білуде. Дегенмен, қанша жағдай жасалғанымен, ата-ананың мейірімі мен ыстық құшағын ештеңе алмастыра алмайтыны анық. Әрбір бала жаутаңдамай, ата-ана махаббатына бөленіп, алаңсыз әрі бақытты ғұмыр кешсе екен деген тілек көкейде тұрады. Осындай игі бастамалар жастардың бойында адамгершілік, жанашырлық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін нығайта түсетіні сөзсіз.