«Шәкәрім университеті имиджін қалыптастырудағы медиа-мәдениет» тақырыбында кураторлық сағат өтті
Шәкәрім университетінде студенттердің медиа сауаттылығын арттыру және оқу орнының қоғамдық имиджін нығайту мақсатында «Шәкәрім университеті имиджін қалыптастырудағы медиа-мәдениет» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттерге медиа мәдениет ұғымы, оның қазіргі қоғамдағы рөлі және университеттің имиджін қалыптастырудағы маңызы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының оң бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін медиа құралдарды тиімді пайдалану жолдары, әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстар арқылы академиялық ортаның беделін арттыру тәсілдері қарастырылды.
Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттерге медиа мәдениет пен университет имиджі арасындағы байланысты таныстыру, ақпараттық ортада жауапты және этикалық коммуникация жүргізу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ Шәкәрім университетінің қоғамдағы беделін арттыруға үлес қосатын саналы медиа тұтынушы әрі контент жасаушы тұлға тәрбиелеу.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу арқылы тақырыптың өзектілігін талқылады.