ПИ-2501 тобы «Student Life: UniDay» байқауында жеңіске жетті
2025-09-25 | Жаңалықтар
Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің ұйымдастыруымен «Student Life: UniDay» атты шығармашылық байқау өтті. Байқау барысында студенттердің университеттегі күнделікті өмірі, шығармашылық белсенділігі және командалық рухы жан-жақты көрсетілді.
Аталған байқауда ПИ-2501 тобы ерекше белсенділік танытып, студенттік өмірді әсерлі әрі креативті түрде бейнелегені үшін жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық ретінде киноға билеттер табысталды.
Бұл іс-шара студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және университет өміріне белсенді қатысуына үлкен мүмкіндік берді.