• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Қасен Айбар – «Шәкәрім университетінің 100 үздік студенті» қатарында

2025-05-30 | Құттықтау

Шәкәрім университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «100 үздік студент» жобасы өз жалғасын тапты. Бұл жоба аясында жыл сайын білім, ғылым, спорт және қоғамдық қызмет бағыттары бойынша жоғары нәтиже көрсеткен белсенді студенттер іріктеліп, арнайы марапатталады.

2024-2025 оқу жылы аталмыш жобаның жеңімпаздары қатарынан Технологиялық машиналар және жабдықтар білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, ТО-201 тобының білім алушысы Қасен Айбар лайықты орын алды.

Қасен Айбар – оқу үлгерімі жоғары, техникалық бағыттағы ғылыми зерттеулерге белсене қатысатын, конференцияларда университет намысын қорғап жүрген дарынды жас. Сонымен қатар, ол қоғамдық жұмыстарда да ерекше белсенділігімен танылып келеді.

Айбардың бұл жетістігі – оның табандылығы мен еңбекқорлығының, сондай-ақ кәсіби дамуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі. Университет ұжымы Қасен Айбарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тілейді.

Шәкәрім университеті – жастарды қолдайтын, үздіктерді марапаттайтын орда!

Бөлісу