• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты кураторлық сағат өтті

2025-05-06 | Жаңалықтар

2025 жылдың 6 маусымында кафедрамыздың топ кураторлары жоспарға сәйкес, "Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты тақырыпта ерекше маңызды кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шара Қазақстанның әлемдік тарихтағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесін, сондай-ақ батыр бабалардың ерлігін жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталды.

Кураторлық сағат барысында студенттерге Ұлы Отан соғысының ауыр жылдары, майдан мен тылдағы қазақстандықтардың ерлігі, Жеңісті жақындату жолындағы қажырлы еңбегі туралы толық ақпарат берілді. Оқытушылар студенттерге тарихи деректерді, Жеңіс батырларының өмірбаяндарын, олардың көрсеткен ерліктерін суреттейтін бейнематериалдарды ұсынды.

Студенттер кураторлық сағатқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Олар Жеңістің тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ жеңісі екенін, бейбітшіліктің құндылығын ерекше сезінгендерін жеткізді. Бұл сағат жастардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және ардагерлерге деген құрметті арттыруға зор ықпал етті.

Осындай маңызды кураторлық сағаттар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, оларды елжандылыққа тәрбиелеуде және болашаққа сеніммен қарауға шабыттандыруда айрықша рөл атқарады.

Бөлісу