
«Ғылыми зерттеу әлеміне саяхат»: ПИ-2401 тобына арналған QUIZ ойыны
«Технологиялық жабдықтар» кафедрасында «Ғылыми зерттеу негіздері» пәні аясында «Ғылыми зерттеу әлеміне саяхат» тақырыбындағы қызықты QUIZ ойыны болып өтті. Оқытушы Мұратжанқызы Назеркенің жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл іс-шараға ПИ-2401 тобының студенттері белсенді қатысты.
Ойынның басты мақсаты – студенттердің ғылыми зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, пәнді тереңірек меңгеруге ықпал ету және олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, бұл QUIZ ойыны студенттерге ғылыми терминдерді, зерттеу әдістерін және ғылыми жұмыс жасаудың негіздерін есте сақтауға көмектесті.
Ойын барысында студенттер бірнеше кезеңнен өтті. Әр кезеңде ғылыми зерттеудің әртүрлі аспектілеріне қатысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, жылдамдық пен тапқырлық танытты. Топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берген бұл ойында студенттер бірлесе отырып, күрделі сұрақтарға жауап іздеді.
Оқытушының ұйымдастырушылық қабілеті мен пәнге деген сүйіспеншілігінің арқасында ойын өте тартымды әрі мазмұнды өтті. Студенттер ғылымның қызықты әлеміне тереңірек еніп, болашақ зерттеушілер ретіндегі әлеуеттерін көрсетті. Бұл іс-шара ПИ-2401 тобының студенттері үшін тек білім беру ғана емес, сонымен қатар көңілді және есте қаларлық оқиға болды.
Осындай іс-шаралар студенттерді ғылымға баулуда үлкен рөл атқарады және олардың болашақ ғылыми жетістіктеріне жол ашады деп сенеміз.