
+1 PhD: Назерке Мұратжанқызы философия докторы атанды!
2025-04-23 | Құттықтау
«Технологиялық жабдықтар» кафедрасының оқытушысы Назерке Мұратжанқызын 6D072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мәртебелі дәреже Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 22 сәуіріндегі №605 бұйрығына сәйкес берілді.
🔹 Назерке Мұратжанқызының бұл жетістігі – отандық ғылымға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар жас ғалымдарға жол сілтейтін үлгі.
📌 Университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми және шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!