
PhD дәрежесіне тағы бір қадам: Назерке Мұратжанқызы диссертациясын сәтті қорғады
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 – Инженерия және инженерлік іс кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 6D072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша PhD дәрежесін ізденуші Назерке Мұратжанқызы өз диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы:
«Аймақтық табиғи ресурсты тиімді пайдалану мақсатында өсімдік тектес шикізатты престеуге арналған жабдықты жетілдіру»
Ғылыми жұмыс Шәкәрім университетінің «Технологиялық жабдықтар» кафедрасында орындалды. Қорғау барысында ізденуші аймақтық табиғи ресурстарды өңдеудің тиімді тәсілдерін ғылыми тұрғыдан негіздеп, престеу жабдығын жетілдіру бойынша өз шешімдерін ұсынды.
Диссертациялық кеңес мүшелері жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік құндылығын жоғары бағалап, Назерке Мұратжанқызын философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсыну туралы шешім қабылдады.
Шәкәрім университеті ұжымын және Назерке Мұратжанқызын маңызды ғылыми жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу қызметіне табыс тілейміз!