
«Shakarim INNO – 2025»: Шәкәрім университетінде студенттік ғылыми конференция өтті
Шәкәрім университетінде жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және аграрлық ғылымдар бойынша студенттердің XXVIII дәстүрлі «SHAKARIM INNO – 2025» ғылыми конференциясы өз мәресіне жетті. Жас зерттеушілердің басын қосқан ауқымды шарада түрлі бағыттар бойынша үздік ғылыми жұмыстар анықталды.
Атап айтқанда, конференция аясында «Тамақ инженериясы: технологиялық жабдықтар, процестер және аппараттардың даму перспективалары» атты секция өз жұмысын табысты аяқтады. Қызу пікірталастар мен қызықты баяндамаларға толы болған секция қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздіктер анықталды.
Секцияның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері төмендегідей:
- 1-орын: ТО-201 тобының студенті Шенгельбаев Әди. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абдилова Галия Бекеновна.
- 2-орын: ТО-201 тобының студенті Тұрсынғазы Айдар. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Кабулов Болат Бейсенгалиевич.
- 3-орын: ТО-201 тобының студенті Тұрлыханова Ділназ. Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, оқытушы Ташыбаева Маржан Мейрамбекқызы.
Сонымен қатар, өздерінің белсенді қатысуы мен қызықты жобалары үшін төмендегі студенттер алғыс хаттармен марапатталды:
- ПИ-2401 тобының студенті Жұмашева Жібек. Ғылыми жетекшісі: оқытушы Тусипов Нурлан Оразханович.
- ПИ-2401 тобының студенттері Қабдел Алуа мен Огланхан Жанерке. Ғылыми жетекшісі: оқытушы Мұратжанқызы Назерке.
«Тамақ инженериясы: технологиялық жабдықтар, процестер және аппараттардың даму перспективалары» секциясының жұмысы студенттердің ғылыми ізденістерге деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби дамуына зор үлес қосты. Конференцияға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға оқу мен ғылыми жұмыстарында жаңа табыстар тілейміз!