• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Абай облысында "Таза бейсенбі" акциясы өтті: Тамақ инженериясы студенттері табиғатты тазартуға атсалысты

2025-04-17 | Жаңалықтар

2025 жылғы 17 сәуір күні Абай облысы, Семей қаласындағы көрікті жерлердің бірі – «Бейбітшілік» аралында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» атты акция ұйымдастырылды. Шараға Шәкәрім университетінің 6B07109 – Тамақ инженериясы білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан ПИ-2401 тобының студенттері белсене қатысты.

ПИ-2401 тобының студенттері арал аумағын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартып, жағалау бойындағы табиғи ландшафтты қалпына келтіруге үлес қосты. Олар өз қолдарымен қапшықтарға қоқыс жинап, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға жеткізді.

— Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы. Бүгінгі акция бізге қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл — ұжымдық жұмыстың, достықтың, әрі пайдалы еңбектің үлгісі болды, – дейді ПИ-2401 тобының студенті Жеңісхан Диана.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» — жастар арасында экологиялық сана мен азаматтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бөлісу

@livewireScript