• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Шәкәрім университетінде ғылым апталығының үздіктері марапатталды

2025-04-14 | Ғылым

14 сәуір күні Шәкәрім университетінде ғылым мен инновацияға толы бір аптаның қорытындысы жасалып, Ғылым апталығының жабылу салтанаты өтті. Университет қабырғасында өткен түрлі ауқымды іс-шаралар барысында ғылым жолында ерекшеленген үздіктерге құрмет көрсетілді.

Апта бойы студенттер мен оқытушылардың ғылыми жобалары мен зерттеулері таныстырылып, қызықты пікірталастар мен семинарлар ұйымдастырылды. Жабылу салтанатында ғылымға қосқан зор үлесі мен жеткен жетістіктері үшін бірқатар ғалымдар мен жас зерттеушілер марапатқа ие болды.

Университеттің мақтанышына айналған тұлғалардың қатарында Технологиялық жабдықтар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ибрагимов Надир Кадирович бар. Ол ғылым мен білім саласындағы ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, 8D07101 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасының  тобының докторанты Шынарбек Айбек «Үздік жас ғалым» атағына лайық деп танылды. Жалынды жас зерттеушінің ғылыми ізденістері мен жетістіктері университет ұжымының зор қошеметіне бөленді.

Бұл марапаттаулар Шәкәрім университетінің ғылымға деген зор құрметін және жас таланттарды қолдауға бағытталған саясатын айқын көрсетеді. Университет болашақта да ғылым мен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосатын жаңа буын ғалымдарды тәрбиелеуде жемісті еңбек ететініне сенім білдіреді.

Бөлісу

@livewireScript