• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

2 курс докторанты сұйық тағам өнімдерін тазартуға арналған жаңа қондырғыны жетілдіру бойынша зерттеу жүргізуде

2025-02-20 | Ғылым

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің 8D07101 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс докторанты Базанова Арай Қайратқызы сұйық тағам өнімдеріндегі радионуклидтер мен ауыр металдар тұздарының құрамын адсорбция әдісімен төмендетуге арналған қондырғыны жетілдіру бойынша жаңа зерттеу жүргізуде.

ДТО-301.1 тобының докторанты А.Қ Базанованың диссертациялық жұмысының тақырыбы «Сұйық тамақ өнімдерінде радионуклидтер мен ауыр металдар тұздарының құрамын адсорбция әдісімен төмендетуге арналған қондырғыны жетілдіру» деп аталады. Оқу процесі барысында Арай Қайратқызы жетілдірілген қондырғының эксперименталды сұлбасын сызып, стендіне полипропилен құбырлары көмегімен адсорбция процесі жүретін қондырғыны жасады.

Жұмыстың жаңалығы – бір-біріне параллель бағыттағы үш адсорбциялық бағанның нәтижесінде сұйық тағам өнімі, оның ішінде сиыр сүті зиянды заттардан тазартылады. Адсорбциялық бағандардың ішінде үш түрлі сорбенттер әртүрлі мөлшерде салынатын болады.

Бүгінгі күні зерттеуші тиімді параметрлерді, атап айтқанда процестің жүру уақытын, сорбент мөлшерін және тиімді баған түрін зерттеуде.

Бұл зерттеудің нәтижелері сұйық тағам өнімдерінің қауіпсіздігін арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Бөлісу

@livewireScript