
Серіктес кәсіпорындар базасында дуальды оқытуды ұйымдастыру
2025-02-06 | Жаңалықтар
«6D07105 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар» Білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары теориялық білімді өндірістегі практикалық жұмыстармен үйлестіре отырып, дуальды оқытудан сәтті өтуде. Оқытушы-практик ретінде сабақтарды, PhD, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Семей филиалының ғылыми жобасының жетекшісі Есимбеков Жанибек Серикбекович жүргізеді.
Өндірісте студенттер алған білімдерін тәжірибеде қолданады, технологиялық процестермен және корпоративтік мәдениетпен танысады. Дуальды оқыту жүйесі оларға терең теориялық білім алуға ғана емес, сонымен қатар таңдалған кәсіпте табысты жұмыс істеу үшін қажетті құнды практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.