
Семейде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) мәселелері бойынша отырыс өтті.
«Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Семей филиалында 2024-2026 жылдарға арналған Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) бойынша отырысы өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы – «Құс ұшаларын кешенді өңдеудің озық технологиялық процестерін, әдістері мен шешімдерін ғылыми негіздеу, әзірлеу және енгізу».
Отырыс жұмысына кафедра оқытушылары, тамақ технологиялары саласындағы жетекші ғалымдары: техника ғылымдарының докторы, профессор Какимов А. К., PhD Есимбеков Ж. С., PhD Муратбаев А. М. және докторант Дүкенбаев Д. қатысты.
Отырысқа қатысушылар саланы дамытудың өзекті мәселелерін, құстарды қайта өңдеудің заманауи әдістері мен технологияларын, сондай-ақ инновациялық шешімдерді енгізу перспективаларын талқылады. Өндіріс тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту және экологиялық жүктемені азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша зерттеулердің басым бағыттары айқындалып, ғылым мен өндіріс арасындағы одан әрі ынтымақтастық жолдары белгіленді.