БЕЙБІТ АТОМ
2024 жылдың 26 қыркүйегінде Шәкәрім университетінде «Бейбіт атомның пайдасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының энергетика саласының жай-күйін және АЭС құрылысының келешегін талдау.
Қатысушылар қатарында студенттер, магистранттар, докторанттар, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, атом саласының жетекші мамандары болды.
Сөз сөйлегендердің қатарында Азат Толқынұлы Сарпеков – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Қуанышбек Оразбекұлы Төлеубеков – Атом энергиясы саласы институтының тәжірибелік термофизика зертханасының инженері, Миклош Хегедуш – Паннония университетінің сарапшысы (Венгрия), Сейіт Әбеуханұлы Әлиев – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының Ядролық технологиялар ақпараттық орталығының директоры, Жақып Ғалиұлы Хайрушев – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің басқарушы директоры – директоры «Атамекен» АЭС қызметтері, Степанова Ольга Александровна – Шәкәрім атындағы университеттің техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі.
Дөңгелек үстел барысында АЭС құрылысына қатысты барлық өзекті мәселелер қозғалды.