Атом электр станциясын салу бойынша алдағы референдумға арналған сарапшылар мен жастардың бас қосуы.
2024-09-06 | Жаңалықтар
2024 жылдың 6 қыркүйегінде «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушылары Ермоленко М.В. және Нургалиев Д.Н. АЭС құрылысы бойынша алдағы референдумға арналған «Шүлбі ГЭС-і» ЖШС жұмысшы ұжымымен кездесуге қатысты. Кездесу барысында ұстаздар атом электр станциясының жұмыс істеу ерекшеліктері туралы түсіндірме әңгіме жүргізіп, туындаған сұрақтарға жауап берді.