• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Мен табиғатты қорғаймын»!

2023-10-23 | Жаңалықтар

Бүгін 23 қазан күні «Химиялық технология және экология» кафедрасының «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы» бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мен табиғатты қорғаймын» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 6В05201-«Экология», «6В05301-Химия», 6В11201-«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ББ бағдарламаларының студенттері ат салысып, қалдықтардан түрлі бұйымдар жасап әкелді.

Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты студенттердің қоршаған ортаны аялауға, табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту және де қалдықтардан түрлі бұйымдар жасауға қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

 

Бөлісу