Халықаралық конференция
Лондонда термоядролық энергетиканы дамыту саласындағы ең маңызды халықаралық конференциялардың бірі – МАГАТЭ ұйымдастырған 29-шы IAEA FEC 2023 өтті. 16-21 қазан аралығында әртүрлі елдерден келген 1000-ға жуық қатысушы зерттеу нәтижелерін ұсынып, осы бағыттағы озық жетістіктерін көрсетті.
Баяндамалар ғалымдар қызметінің кең ауқымын қамтыды: компьютерлік модельдеу мен инженерлік шешімдерден бастап токамактың физикалық қосылуының нәтижелеріне дейін көрсетілді.
Мұнда Шәкәрім университетінің докторанттары диссертациялық жұмысының бір бөлігі ретінде ғылыми еңбектерін ұсынды. Игорь Соколовтың баяндамасы термоядролық реактордың құрылымдық материалдарын сынауға, ал Тимур Туленбергеновтың баяндамасы плазмалық диагностикалық жүйелерді дамытуға арналған.