• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Биотехнолог күнімен!

2023-10-18 | Жаңалықтар

18-қазан  - Биотехнолог күні. Барлық биотехнологтарды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология” кафедрасында 4 курс студенттері “БиоErudite” интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Сайысқа 6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасының  1, 2, 3 курс студенттері қатысты. Интеллектуалды сайыс барысында студенттерге биотехнология саласына байланысты сұрақтар қойылып, қызықты ойын өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша:
1 орын - “Аквакультура биотехнологиясы”,
2 орын - “Ауылшаруашылық биотехнологиясы”,
3 орын - “Тағамдық биотехнология” иеленді.
 

Бөлісу