"Қазселденқорғау" мемлекеттік басқармасымен өзара тиімді ынтымақтастық
28 қыркүйек күні 6В11201-“Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне ҚР ТЖМ “Қазселденқорғау” ММ “Абай аумақтық пайдалану басқармасы” филиалының атқаратын қызметі туралы дәріс оқылып, ақпараттық брошюралар таратылды. Университетпен өзара келісім-шартқа сәйкес аталған мамандық студенттері филиалдан өндірістік тәжірибеден өтеді. Бүгінгі таңда филиалда 6В11201-“Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” білім беру бағдарламасын бітірген 3 диспетчер абыроймен қызмет атқаруда. Осындай шараларды ұйымдастыру болашақ жас мамандардың төтенше жағдайлар саласында қызмет атқаруға қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймыз. Дәріске мекеме басшысы Тойшыбаев Асхат Абылхасымович қатысты.