• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Kazdual

2023-09-22 | Жаңалықтар

22 қыркүйекте "Технологиялық жабдық және машина жасау" кафедрасының Erasmus + Kazdual жобасына қатысуы аясында Таллин қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Киреев Михаил "Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" және "Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру" білім беру бағдарламаларының ПОҚ және студенттері үшін ашық дәріс өткізді. Профессор Эстонияның қолданыстағы көлік жүйесі, теміржолдардың ұзындығы және жаңа жүрдек маршруттардың дамуы туралы айтты. Студенттер қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, сондай ақ диплом жұмыстарының тақырыптары бойынша профессордан кәсіби кеңес алды.

Бөлісу