Докторанттардың тағылымдамадан өткендігі туралы есеп
"Химиялық технология және экология" кафедрасында 8D05301-Химия ББ докторанттарының тағылымдамадан өту есебі тыңдалды.
2023 жылдың 20 наурыз -20 сәуір аралығында 8D05301-Химия ББ докторанттары: Гайсина Б.С., Арипжанова З.Ж., Кобегенова А.И. Финляндия Республикасы, Хельсинки университетіндегі химия факультетінде тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында докторанттар профессор Асеев В.О. дәрістерін тыңдады. Университеттің ғылыми кітапханасы және химиялық зертханалармен танысты.
Докторант Гайсина Б.С. өзінің докторлық диссертация тақырыбы бойынша интерполиэлектролит комплекстерге(хитозан- Na КМЦ, Хитозан-Na альгинаты, хитозан-геллан) негізделген криоқұрылымдардың термиялық қасиеттерін DSC Q-2000 диференциальды сканерлеуші калориметр құрылғысында анықтап, зерттеу нәтижесінде диссертацияға қажетті мәліметтер алды.
Докторант Арипжанова З.Ж. табиғи және синтетикалық полимерлер, атап айтқанда геллан және акриламид негізіндегі криогельдер мен гидрогельдердің Cu2+ және Sr2+ иондарының жаңа тиімді бірнеше рет регенерацияланған сорбентін синтездеді. Ғылыми тағылымдама барысында синтезделген гидрогельдер мен криогельдердің физика-химиялық қасиеттерін, атап айтқанда ИК-спектроскопия және термоскопиясы зерттелді.
Докторант Кобегенова А.И. интерполиэлектролитті комплекстер негізінде беткейлердегі топырақты бекіту технологиясын әзірлеу докторлық диссертация тақырыбының жоспарына сәйкес хитозан- Na КМЦ, Хитозан-Na альгинаты, хитозан-геллан комплекстері мен топырақ байланысын DSC Q-2000 диференциальды сканерлеуші калориметр құрылғысында анықтап, зерттеу нәтижесінде диссертацияға қажетті мәліметтер алынды.