• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Академиялық ұтқырлық шеңберінде ПОҚ онлайн-дәрісі!

2023-04-20 | Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023 ж. 20-сәуірінде "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ инженерлік-технологиялық факультетінің "Химиялық технология және экология" кафедрасының аға оқытушысы Сәрсенбаева Г. Б. Ресей Федерациясының Барнаул қ. “Алтай Мемлекеттік Университеті” Федералды Мемлекеттік Бюджеттік Білім Беру Мекемесі География институтының “Табиғатты пайдалану және геоэкология” кафедрасының 05.03.06 “Экология және табиғатты пайдалану”, 1.6.21 “Геоэкология”, “Физикалық география және ГАЖ" кафедрасының 1.6 Жер туралы ғылымдар: 1.6.12 " Физикалық география және биогеография", ”Топырақ географиясы және ландшафт геохимиясы", Экономикалық география және картография кафедрасының 1.6.13 “Экономикалық, әлеуметтік, саяси және рекреациялық география” мамандықтарының студенттеріне арналған "Рекреациялық ландшафттар және туристік табиғатты пайдалану типологиясы" атты тақырыбында ZOOM платформасында онлайн форматта дәріс оқыды.
Дәріс-презентацияда рекреациялық ландшафттардың жіктелуі, рекреациялық ресурстардың жалпы сипаттамалары, туристік табиғатты пайдалану түрлері және тиімді рекреациялық үрдістерді ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы мәселелер қозғалды. Дәріс-презентация әлемнің ертегі ландшафтарына бейне шолумен сүйемелденді.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу