• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ПОҚ академиялық ұтқырлығы!

2023-04-18 | Жаңалықтар

Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы шеңберінде 2023 жылдың 18 сәуірінде "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ инженерлік-технологиялық факультетінің "Химиялық технология және экология" кафедрасының доценті техника ғылымдарының кандидаты Скрипникова Л.В. Ресей Федерациясының Барнаул қ. “Алтай Мемлекеттік Университеті” Федералды Мемлекеттік Бюджеттік Білім Беру Мекемесі Химия және химия-фармацевтикалық технологиялар институтының "Техносфералық қауіпсіздік және  аналитикалық химия  кафедрасының 20.03.01 "Техносфералық қауіпсіздік" мамандығының студенттеріне арналған "Электр қауіпсіздігі" атты тақырыбында on-line дәріс оқыды.  Дәріс-презентация барысында адам ағзасына электр тогының қауіпті көріністері мен әсерлері, электр тогының зақымдану дәрежесіне әсер ететін факторлар, электр тогының зақымдану себептері, персоналды қорғаудың ұжымдық және жеке құралдары, жерге тұйықтау құрылғыларын есептеу, электр тогының соғуы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері қарастырылды.

 

 

 

Бөлісу