• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"SHAKARIM INNO-2023"!

2023-04-10 | Ғылым

"SHAKARIM INNO-2023" жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және аграрлық ғылымдар бойынша XXVI ғылыми студенттік конференция шеңберінде 2023 жылғы 10 сәуірде "Химиялық технология және экология" кафедрасында "Қоршаған ортаны қорғау" және "Химия және химиялық технология" секциялары жұмыс істеді, оның барысында 6в05201 "Экология", 6В11201 "тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау", 6в05301 "Химия" білім беру бағдарламаларының білім алушылары, сондай-ақ қаланың геологиялық - барлау колледжі мен мектептерінің оқушылары ғылыми баяндамалар жасады.
Абай облысының аумағын сел ағындарынан қорғау; Семей қаласының қатты қалдықтарын қайта өңдеу; судың ауыр металдармен ластануы; қасиеттерін синтездеу және зерттеу, сондай-ақ криогельдерді, пектинді, карбоксиметилцеллюлозаны және т. б. қолдану мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар ұсынылды.
"Қоршаған ортаны қорғау" секциясы жұмысының қорытындысы шығарылды. Секция жүлдегерлері:
"Абай облысы аумағын тасқындарын ауылының қорғауын ұйымдамдастыруында" баяндамасы үшін І дәрежелі Диплом Өмірбек Гаухар, БЖ-901, ғылыми жетекшісі гидрометеорология магистрі, аға оқытушы Имамова Б. Ж.;
"«Исследование качества освещенности учебных аудиторий в образовательном учреждении, корпус 9 Университета имени Шакарима города Семей»" баяндамасы үшін II дәрежелі Диплом  Омарбеков Адиль, БЖ-902, ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент Скрипникова Л.В;
«Экологическая оценка качества атмосферного воздуха города Семей по состоянию листьев зеленых насаждений» баяндамасы үшін III дәрежелі Диплом  Байзақова Тамила, ЭЛ-902, ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сәрсенбаева Г. Б.
Университет ректорының "Алғыс хатымен" білім алушылар Әділ Асыл (БЖ-901) және Гриппа Анна (ЭЛ-902) марапатталды.
"Химия және химиялық технология" секциясы жұмысының қорытындысы бойынша секция жүлдегерлері: 
 «Акриламид пен натрий акрилаты негізіндегі гидрогельді алу және қасиеттерін зерттеу» баяндамасы үшін І дәрежелі Диплом Аркашева Жансая, Жардамова Әйгерім, Самалхан Назерке, ХМ-001, ғылыми жетекшісі PhD  Кливенко А. Н.;
«Chlorella vulgaris құрамында ақуыздың жинақталуына өсіру жағдайларының әсері» баяндамасы үшін II дәрежелі Диплом Омарова Қымбат, ХМ-901, ғылыми жетекшісі б. ғ. к., доцент  Қасымова Ж.С.;
“Цитрус жемістерінен пектин алу” баяндамасы үшін III дәрежелі Диплом Бекзатова Аружан, ХМ 901,  ғылыми жетекшісі PhD Сабитова А. Н.
Университет ректорының "Алғыс хатымен" білім алушылар Бекболат Айнұр, (ХМ-901) және Зенкова Екатерина (ХМ-902) марапатталды.
Қаланың геологиялық - барлау колледжі мен мектептерінің оқушылары инженерлік-технологиялық факультет деканының "Алғыс хатымен" марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу