• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Құттықтаймыз!

2023-04-12 | Құттықтау

2023 жылдың 11 сәуірінде химия ғылымдарының докторы, педагог, ҰОС ардагері, жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері, Өскемен педагогикалық институтының бірінші ректоры, ШҚМУ Құрметті ректоры, профессор, т. ғ. к. Увалиев Юмаш Каримовичтің туғанына 100 жыл толуына орай химия пәнінен "С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КеАҚ химия кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО аралық студенттік олимпиада өтті.  Олимпиада химиялық білім беру бағдарламалары және химиялық емес білім беру бағдарламаларының  негізінде жасалған тапсырмалар бойынша offline - форматта өтті. Олимпиадаға Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, сондай-ақ  Торайғыров университетінің білім алушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 орынды 6В05301 – Химия ББ 2 курс білім алушысы Оразалинова Ақмарал иеленді. Жеңімпазды және кафедрамыздың профессорлық - оқытушылар құрамын құттықтаймыз, соның ішінде PhD докторы Н.Н. Нұрғалиевке үлкен алғыс! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу