• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

АШЫҚ ДӘРІС!

2023-04-04 | Жаңалықтар

2023 жылғы 04 сәуірде инженерлік-технологиялық факультеттің "Химиялық технология және экология" кафедрасының доценті Скрипникова Л.В. ашық сабақтар жоспары мен кестесіне сәйкес 6В05201 - "Экология" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне (ЭЛ-001 тобы) "Еңбекті қорғауды басқару негіздері"пәні бойынша ашық дәріс оқыды.
2 тілде-мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған "Еңбекті қорғау бойынша оқытуды ұйымдастыру және ұйым қызметкерлерінің еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеру" дәріс-презентациясы кафедраның оқу-материалдық базасының мультимедиялық элементтерін пайдалана отырып, сабақты ұйымдастырудың орынды ғылыми-педагогикалық тәсілдері мен әдістемелерін көрсету мақсатында оқылды; қызметкерлерді кәсіптік даярлау және қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, оқыту және нұсқау беру арқылы еңбекті қорғауды корпоративтік басқару жүйесін қарап түсіндірме-иллюстрациялық, проблемалық-презентациялық оқыту әдістерін қолданды. 
Дәріске қатысқан кафедра меңгерушісі Сабитова А.Н, оқытушылар Қабышева Ж.К., Бакирова Л.С., Сарсенбаева Г.Б. дәрістің мазмұны мен құрылымын ашық талқылап, хаттама жасап, өткізілген сабақтың сапасы туралы оң қорытынды берді.

 

 

 

Бөлісу