Ішкі академиялық ұтқырлық!
Профессор-оқытушылар құрамының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының 2 семестрінде оқытушылардың кәсіби тәжірибесін арттыру мақсатында "Химиялық технология және экология" кафедрасының аға оқытушысы Н. Н. Нұрғалиев С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің химия кафедрасының 6В05302 - Химия (бакалавриат), 7М01504-Химия (магистратура) және 8D05302 - Химия (докторантура) ББ білім алушыларына дәрістер, практикалық сабақтар өткізді. Білім беру сапасын арттыру және білім алушылардың ішкі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және интеграциялық байланыстарды нығайту мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің "Химия" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п. ғ. к. Даутова З.С. біздің кафедраның "6В05301–Химия", "7M05301 – Химия", "8D05301 - Химия" ББ білім алушыларына дәріс оқыды.