• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы!

2022-04-07 | Жаңалықтар

Профессор-оқытушылар құрамының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының 2 семестрінде "Химиялық технология және экология" кафедрасының доценті, х ғ. к. Артамонова Е.Н. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 6В05201 – "Экология", 6В11201 – "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін "Жалпы экология" пәні бойынша онлайн режимінде дәрістер өткізді. Білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың ішкі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және интеграциялық байланыстарды нығайту мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің "Экология және география" кафедрасының доценті б. ғ.к., Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры Цыганов А.П. біздің кафедраның 2 курс эколог-студенттеріне арналған "Қазақстан Республикасындағы қорық ісі" пәні бойынша дәріс оқыды.

Бөлісу