• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ғылым-білімнің ашылуы!

2022-12-08 | Ғылым

8D05301 – "Химия" білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Артамонов Юрий табиғи суларды радиоактивті ластаушы заттардан тазарту үшін полимерлі гидрогельдер мен криогельдер негізінде жаңа сорбенттерді әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.  Шәкәрім университетінің Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының және "Химиялық технология және экология" кафедрасының зертханаларында PhD докторы А. Н. Кливенконың жетекшілігімен әртүрлі сипаттағы және типтегі полимерлер негізінде гидрогельдер мен криогельдер синтезделді. Болашақта радионуклидтердің селективті сорбциясы процестерінде синтезделген полимерлі гельдердің тиімділігін бағалау жоспарлануда.

Бөлісу