Курстық жұмысты қорғау!
2022-12-13 | Ғылым
13 желтоқсанда "Химиялық технология және экология" кафедрасында "6В05301-Химия" білім беру бағдарламасының ХМ-901 (4 курс) тобының білім алушыларында "Табиғи объектілерді талдау" пәні бойынша курстық жұмыс қорғалды. Дуалды оқыту саясатын іске асыру мақсатында курстық жұмысты Семей қаласының "Ядролық медицина және онкология орталығының" инженер-химигі Б.Е. Қалиаскарова қабылдады. Әрбір білім алушы табиғи объектілерге зерттеулер мен талдаулар жүргізу бойынша алған терең білімдерінің қабілеттерін көрсетті және курстық жұмысты қорғау кезеңінен сәтті өтті. Оқытушы-практик Калиаскарова Б. Е. дайындықтың жоғары деңгейін және орындалған жұмыстардың өзектілігін атап өтті.