Зерттеу жұмысы!
8D05301 – "Химия" білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Артамонов Юрий табиғи суларды радиоактивті ластаушы заттардан тазарту үшін полимерлі гидрогельдер мен криогельдер негізінде жаңа сорбенттерді әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Шәкәрім университетінің Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының және "Химиялық технология және экология" кафедрасының зертханаларында PhD докторы А. Н. Кливенко жетекшілігімен әртүрлі сипаттағы және типтегі полимерлер негізінде гидрогельдер мен криогельдер синтезделді. Қазіргі уақытта алынған полимерлі гельдердің қасиеттерін зерттеу жүргізілуде: судағы гельдердің ісіну дәрежесі, механикалық беріктігі, морфологиясы. Болашақта сулы ерітінділерден радионуклидтердің селективті сорбциясы процестерінде синтезделген полимерлі гельдердің тиімділігін бағалау жоспарлануда.