• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ЕСЕПТЕРІ

2023-02-02 | Ғылым

PhD-доктор дайындаудың негізгі білім беру бағдарламалары құрамындағы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда негізгі рөл атқарады. Оқу жылының әр семестрі аяқталғанда кафедараның жоспары бойынша докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы, яғни докторлық диссертацияның орындалу деңгейін бағалау, тексеру мақсатында есептері тыңдалады. Бүгінде кафедрамызда «8D05301-Химия» БББ бойынша 10 докторант өздерінің ғылыми жұмыстарын орындауда. Докторанттарымыздың ғылыми зерттеу жұмыстары әр бағытта, мысалы, 3 курс докторанттары Гайсина Б., Арипжанова З., 2 курс Көбегенова А., Берикбол Н., Артамонов Ю. құрамы әртүрлі интерполимерлік комплекстерді қарастарып, олардың медицинада, экологияда, биологияда, ауылшаруашылығында, соның ішінде дәрілік заттар алуда, топырақтануда, ағын суларды тазалауда, қарағай өсіруде т.б. салаларда қолданылуын зерттеуде, 1 курс докторанты Нуртазина Ж. хлорелла өсіру процесін химиялық модификациялаумен айналысса, Асержанов Д. күмістің нанобөлшектерін синтездеп, дәрілік заттар жасауда пайдалануды жоспарлауда, Абдрахманова А. тоқ көзі болып табылатын литий батареяларын алудың жаңа жолдарын ұсынуда, Акимжанова Х. өңіріміздегі емдік балшықтарды зерттеп, биологиялық белсенді қосылыстар алумен айналысуда. Ғылыми-жетекшілері өз бағаларын беріп, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары бүгінгі таңда өзекті мәселелер болып табылатынын айтты.

Бөлісу