• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні!

2023-03-01 | Құттықтау

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай, 6В11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының 2 курс, БЖ-101 топ студенттерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу, халықты ықтимал экстремалды жағдайларға дайындауға бағытталған сұрақтарды қарастырып, топ сағаты өткізілді.
Өткізілген іс-шара нәтижесінде топ студенттері теориялық білім мен өзін-өзі қорғаудың практикалық дағдыларын алды. Әртүрлі қауіпті жағдайлар туындаған кезде өзін-өзі және өзгелерді құтқару және төтенше жағдайдағы іс-әрекет тәртібі көрсетілген буклеттерді университетіміздің білім алушыларына үлестірді.

Бөлісу