![news](https://rse.faculty.shakarim.kz/storage/uploads/news/6L3j875xJguVS01icMfnkHiZr83NonizKBk1TreA.jpg)
"Радиотехника және байланыс" колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы
2023-10-16 | Жаңалықтар
Бүгін "Технологиялық жабдықтар және машинажасау" кафедрасының аға оқытушысы Мұратбаев Ә.М. және "Кәсіптік бағдар беру және қабылдау" бөлімінің мамандары қаламыздағы КМҚК “Радиотехника және байланыс" колледжіне іс - сапармен барып қайтты. Жиын барысында мамандықтар туралы ақпарат берілді. Колледждің "Медициналық техниканы жөндеу" мамандығының білім алушылары кафедрамыздың "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" және "Машинажасау" мамандықтарына қызығушылықпен қарады.