"Жетістіктің жаңа биігі"!
🔹 Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің «Химия және экология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Нұрғалиев Нұржан Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 13 қарашадағы №1060 бұйрығына сәйкес, «20400 – Химиялық инженерия» ғылыми бағыты бойынша ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ) ғылыми атағына ие болды.
🔹 Нұржан Нұрлыбекұлы «Химия», «Биотехнология», «Тамақ өнеркәсібі» және басқа да білім беру бағдарламалары бойынша дәріс беріп, кафедраның ғылыми жобаларына белсене қатысады, сондай-ақ университеттің қоғамдық өміріне де үлкен үлес қосуда.
Нұрғалиев Н.Н.-ды шын жүректен құттықтай отырып, оған жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстар тілейміз! 👏✨