Білім беру бағдарламалары
8D07101 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар
D103 Механика және металл өңдеу білім беру бағдарламаларының тобы 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары білім беру саласына кіреді
Кіріспе
Бұл бағдарлама өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, ББ 8D07101 Технологиялық машиналар мен жабдықтар докторантурасына, "Технологиялық жабдықтар " кафедрасына арналып жасалған және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады.
8D07101 Технологиялық машиналар мен жабдықтар білім беру бағдарламасы философия докторын (PhD) даярлаудың ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен пәндерді тереңдетіп зерделеуді көздейді.
Оқу процесін ұйымдастырудың модульдік жүйесін енгізу оқу пәндерінің бағдарламаларын жасауға, олардың құрылымы мен мазмұнына ерекше талаптар қояды. Оқу пәнінің бағдарламасы тиісті саты (деңгей) көрсетіле отырып, жоғары кәсіптік білім берудің ББ әрбір бағыты үшін әзірленеді.
ББ оқу мақсаттары мен міндеттерінің сипаттамасын, оқыту нәтижелерін, кәсіптік қызметтің салаларын, объектілерін, пәндері мен түрлерін қамтитын түлектің біліктілік сипаттамасын, Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесін, оқыту нәтижелері мен түлектің құзыреттерін көрсете отырып, ББ мазмұнын, модульдер бөлінісінде игерілген кредиттер көлемін қамтиды.
Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі 8D07101 Технологиялық машиналар мен жабдықтар ББ дайындау бойынша білім алушыларға теориялық оқудың 45 кредитін, оның ішінде практиканың 20 кредитін (оқу / ғылыми жұмыстың басқа түрлерін), сондай-ақ докторлық жұмысты (жобаны) дайындауға, жазуға және қорғауға 123 кредитін,қорытынды аттестацияны 12 кредитін меңгеруі болып табылады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл.
Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі 8D07101 Технологиялық машиналар мен жабдықтар ББ дайындау бойынша білім алушыларға теориялық оқудың 45 кредитін, оның ішінде практиканың 20 кредитін (оқу / ғылыми жұмыстың басқа түрлерін), сондай-ақ докторлық жұмысты (жобаны) дайындауға, жазуға және қорғауға 123 кредитін,қорытынды аттестацияны 12 кредитін меңгеруі болып табылады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл.
Мақсаты
Тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделуге қабілетті тамақ және ет-сүт өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары саласында жұмыс істеу үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, сондай-ақ тұлғаның жан-жақты кәсіби және интелектуалдық дамуына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік8D07101 Технологиялық машиналар мен жабдықтар білім беру бағдарламасы бойынша философия PhD докторы
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі- ЖОО-да, колледждерде оқытушы; -әртүрлі меншік нысанындағы тамақ кәсіпорындары зертханасының меңгерушісі; -ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-дағы зерттеуші; - стандарттау және сертификаттау орталықтарындағы маман.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі8
-
Кәсіби қызмет саласыәскери-өнеркәсіптік кешенді қоса алғанда, өнеркәсіптің барлық салалары, сондай-ақ технологиялық процестерді әзірлеуді және тамақ өндірісінің өнімдерін өндірістік алуды жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу қамтамасыз ету, жобалау-конструкторлық және ғылыми - зерттеу ұйымдары, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы фирмалар, жоғары және орта арнаулы мекемелер.
-
Кәсіби қызмет нысанығылыми-педагогикалық дайындық кезінде: - ЖОО және т. б. оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, технологиялық машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету бойынша әртүрлі типтегі кәсіпорындар, тамақ өнімдерін сертификаттау жөніндегі кәсіпорындар.
-
Кәсіби қызмет түрлері8D07101 Технологиялық машиналар мен жабдықтар ББ докторантурасының түлектері ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: - білім беру ұйымдарында зерттеуші, ғылыми қызметкер, оқытушы.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1. Технологиялық машиналар және жабдықтар саласындағы ғылым мен практиканы дамытудың заманауи аспектілері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттіліктерді; ғылыми ойлау мәдениетін білуді; зерттеу қызметінің аналитикалық мүмкіндіктері мен дағдыларын; технологиялық машиналар мен жабдықтар саласында болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімді көрсетеді.
Модуль 2. Эксперименттерді ұйымдастыру және алынған деректерді өңдеу
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін жинау дағдыларына ие; диссертациялық зерттеуде ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың заманауи әдістерін қолданудың практикалық дағдыларына ие.