Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 203 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 25 кредитін игеруі, 12 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
-
Берілетін дәреже / біліктілік«6В07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі21 мамыр 2012 жылғы №201-ө-м ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес: - инженер технолог; - инженер лаборант; - сапа бойынша инженер; - стандарттау бойынша инженер; - өндірісті дайындау бойынша инженер; - өндірістік зертханалардағы лаборант; - технологиялық, жобалау ұйымдарының лаборанты; - стандарттау бойынша техник.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласыТехникалық реттеу және метрология департаментінің аумақтық орталықтары; сертификаттау орталықтары; аккредиттелген сынақ зертханалары; аудиторлық және консалтингтік фирмалар; коммерциялық ұйымдар; өндірістік кәсіпорындар және қайта өңдеу өнеркәсібінің зертханалары.
-
Кәсіби қызмет нысаныӨнімге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттамаға, стандарттау, сертификаттау және сапа менеджменті жүйелеріне тікелей қатысы бар басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік ұйымдары.
-
Кәсіби қызмет түрлеріНормативтік құжаттаманы әзірлеу; Кәсіпорындағы сапа бөлімдері мен қызметтеріндегі, сапа менеджменті жүйесінің бөлімдеріндегі кәсіби қызмет; патенттік бюролардағы; Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органдарда; тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдарда; стандарттау жөніндегі органдарда жұмыс істеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Стандарттау, техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласындағы негізгі заңнамалық актілерді, ұлттық, халықаралық стандарттарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды тәжірибеге енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін түсіндіру әдістерін, проблемаларды өз бетінше қою және оларды шешу жолдарын табу тәсілдерін меңгеру.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Өнім өндірудің технологиялық процесінің негізгі кезеңдері туралы білімді көрсетеді, технологиялық операциялар арасындағы байланысты түсінеді және өндіріс процесін өнімнің тиімділігі мен сапасы тұрғысынан талдай алу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Өнімнің сапасын бақылау және бағалау әдістерін біледі, өлшеулерді жүргізуді, сынақ нәтижелерін түсіндіруді және өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы негізделген шешім қабылдауды білу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Сапа жүйесі стандарттарының принциптері мен талаптарын олардың тиімділігі мен тұтынушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында кәсіпорындағы процестерді талдау, дамыту және жетілдіру үшін қолдану.