Білім беру бағдарламалары
6B05102 - Биотехнология
В050 «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламаларының тобы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 11 орын 2023 жыл - 12 орын 2024 жыл - 12 орын 2025 жыл - 5 орын 6B05102 "Биотехнология" білім беру бағдарламасы НАО «Шәкәрім Университет» Азық-түлік инженериясын зерттеу мектебі және "Биотехнология" кафедрасы жүзеге асыратын 6B050 "Биологиялық және аралас ғылымдар" білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді. Білім беру бағдарламасы мына аспектілерді реттейді: - Мақсаттар, күтілетін нәтижелер, мазмұн, жағдайлар және білім беру процесін жүзеге асыру технологиялары - Түлектердің дайындық сапасын бағалау - Бағдарламаның сипаттамасы, кәсіби қызмет бағыттары, оқу нәтижелері және қалыптасатын құзыреттер - Оқушыларды сапалы дайындауға кепілдік беретін білім беру процесін ұйымдастыру Сондай-ақ, бағдарлама арнайы білім беру қажеттіліктері бар студенттердің оқуын, олардың әлеуметтенуін және қоғамға интеграциясын қарастырады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Биотехнология саласында терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында инновациялық биотехнологиялық процестерді әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    инженер-технолог (технолог); - сапа жөніндегі инженер; - инженер-зертханашы; - өндірісті дайындау жөніндегі инженер; -өндірістік зертханалардағы зертханашы; -ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау ұйымдарындағы зертханашы; - техник-технолог; - техник-зертханашы
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    Қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - Өндірістік кәсіпорындар және тамақ және қайта өңдеу, микробилогиялық өнеркәсіп зертханалары; - Ауыл шаруашылық кәсіпорындары; - Селекциялық станциялар; - Экологиялық қызметтер мен ұйымдар; - Санитарлық-эпидемиологиялық станция; - Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертхана
  • Кәсіби қызмет түрлері
    Есептік-жобалық; Ұйымдастыру-басқарушылық; Өндірісті-технологиялық. Сервисті-пайдалану Селекциялық
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 модуль. Жаратылыстану-ғылыми пәндер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Табиғи және биологиялық процестерді, сондай-ақ химиялық реакциялар мен ерітінділердің сипаттамаларын талдау үшін физика және химия заңдарын, математикалық әдістер мен есептеулерді қолданады.

3 модуль. Тірі жүйелер биотехнологиясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тірі және өлі табиғаттағы процестер мен құбылыстарды талдайды, биологиялық объектілердің құрылымдық және функционалдық қағидаттарын анықтайды, негізгі ингредиенттер мен мақсатты өнімдердің биосинтезін негіздейді, морфофизиологиялық, биохимиялық және молекулалық-генетикалық ерекшеліктерді түсіндіреді, физикалық, химиялық және микробиологиялық әдістерді қолдана отырып талдау жүргізеді, сондай-ақ биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен практикалық мақсаттарда микроорганизмдерді, өсімдіктерді және жануарларды пайдаланады.

4модуль. Биотехнологиялық өндірісті ұйымдастыру

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Биотехнологиялық өндірістің технологиялық процестерін және қалдықтарды қайта өңдеуді халықаралық экологиялық менеджмент стандарттарына сәйкес жүзеге асырады, шикізат пен дайын өнімді талдайды, өндірістің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды жүргізеді, ауыл шаруашылығы шикізатын микробиологиялық және жасушалық технологияларды қолдану арқылы өңдеу әдістерін сипаттайды, сондай-ақ өнім сапасын жақсарту және шикізатты тиімді пайдалану үшін биотехнологиялық тәсілдерді бағалайды.

5 модуль. Биотехнологиялық өндіріс кәсіпорындарын жобалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

СНиП талаптары мен нормативтік регламенттерді ескере отырып, биотехнологиялық өндіріс кәсіпорындарын жобалайды, экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін САПР, инженерлік және компьютерлік графиканы қолданады, өндірістің технологиялық схемаларын әзірлеп, бағалайды, өнім сапасын арттыру бойынша шешімдер ұсынады, биотехнологиялық өнімдерді тіркеу, стандарттау және сапаны бақылау қағидаттарын интерпретациялайды, биологиялық қауіпсіздік әдістерін қолданады, жабдықтарды талдап, жіктейді және оның өндіріс сапасы мен тиімділігіне әсерін бағалайды.

6 модуль. Ғылыми зерттеулер және зияткерлік меншікті қорғау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарлай алады, зерттеу объектісіне сәйкес талдау әдістерін таңдайды, зертханалық жабдықтармен және аналитикалық аспаптармен жұмыс істейді, биотехнологиялық процестерді оңтайландыру үшін жасанды интеллектті қолданады, ақпараттық ресурстар мен дерекқорларды жүйелеу үшін пайдаланады, сондай-ақ биотехнология саласындағы оқу және кәсіби міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістемесін меңгерген.