KAZ Minerals Бренд-Амбассадоры – табысты мансапқа қадам.
6B07105-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының 3 курс, ТО-201 тобының студенті Тұрсынғазы Айдар KAZ Minerals компаниясының Бренд-Амбассадоры атанды!
KAZ Minerals-Қазақстан мен Қырғызстанда мыс өндіруді және жаңа тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі. Топтың акциялары Қазақстандық қор биржаларында да бағаланады. Компания Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған үш кеніш пен екі байыту фабрикасын, Павлодар облысындағы Бозшакөл мыс кен орнын, Абай облысындағы Ақтоғай мыс кен орнын, Қырғызстан Республикасындағы Бозымшақ мыс кен орнын иеленеді.
KAZ Minerals Бренд-Амбассадоры болу, студентімізге тек компания мүддесін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар академиялық ғылым мен заманауи өндіріс технологиялары арасындағы байланыс орнатпақ.
KAZ Minerals кәсіпорындарымен танысу – мансапты сәтті бастауға және болашақта компания командасына қосылуға көмектесетін пайдалы дағдыларды алу үшін өндірістік алаңдарға бару мүмкіндігін береді.
Студентімізді жетістігімен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!