ПИ-2401 тобындағы "Фейк ақпараттың кері әсері" тақырыбындағы кураторлық сағат
2024-11-26 | Жаңалықтар
ПИ-2401 тобында өткен кураторлық сағатта қазіргі қоғамның өзекті мәселесі – жалған жаңалықтардың таралуы және олардың теріс әсері талқыланды.
Білім алушылар пікірталасқа белсенді қатысып, келесі мәселелерді талқылады:
- Фейк жаңалықтар дегеніміз не? Білім алушылар фейк жаңалықтар – бұл қоғамдық пікірді манипуляциялау мақсатында әдейі таратылатын жалған ақпарат деген қорытындыға келді.
- Фейкті қалай тануға болады? Куратор білім алушылармен бірге фейк жаңалықтар белгілерінің тізімін жасады: сенімді дереккөздердің болмауы, эмоционалды бояу, арандатушылық тақырыптар, фактілердің бұрмалануы.
- Фейк жаңалықтардың таралуы қандай салдарға әкелуі мүмкін? Дискуссия қатысушылары фейктер әлеуметтік қақтығыстарға, саяси тұрақсыздыққа, сондай-ақ жеке адамдар мен ұйымдардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін атап өтті.
Кураторлық сағаттың соңында куратор - Маржан Мейрамбекқызы оқытушыларға фейктерге қарсы күрестің белсенді қатысушылары болуды ұсынды. Білім алушылар топта фейк жаңалықтарды қалай тануға және сенімді ақпаратты қайдан іздеуге болатындығы туралы материалдар орналастырылатын ақпараттық чат құруға шешім қабылдады.