"6B07105 - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР" БББ 4 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ДУАЛДЫ ОҚЫТУДАН ӨТУДЕ
2024-10-29 | Жаңалықтар
"6B07105 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар" Білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары теориялық сабақтарды өндірістік практикамен алмастыра отырып, дуальды оқытудан өтуде. Өндірісте білім алушылар алған білімдерін тәжірибеде қолданады, технологиялық процестермен және корпоративтік мәдениетпен танысады. Дуальды оқыту жүйесі білім алушыларға терең теориялық білім алуға ғана емес, сонымен қатар таңдалған мамандықта табысты жұмыс істеу үшін қажетті құнды практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.