• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Көрнекті ғалым, профессор М. Б. Смирновтың атындағы оқу аудиториясының салтанатты ашылуы.

2023-06-02 | Жаңалықтар

2023 жылғы 2 маусымда инженерлік-технологиялық факультетінде тамақ өнеркәсібі үшін кадрлар даярлаудың 60 жылдығын мерекелеу күні көрнекті ғалым, профессор М.Б. Смирнов атындағы оқу аудиториясының салтанатты ашылуы өтті.

М.Б. Смирнов 1948 жылы 14 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Семей тәжірибелік-механикалық зауытында инженер-конструктор болып бастаған. Оның барлық ғылыми-педагогикалық қызметі тамақ өнеркәсібіне мамандар даярлаумен байланысты болды. М.Б. Смирнов жетекшілігімен ғылым кандидаттары мен магистрлік атақтардың ғылыми дәрежелерін алу үшін диссертациялар орындалды және сәтті қорғалды.

1972 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін білім беру жүйесінде жұмыс істеді.

Атаулы аудиторияның ашылу салтанатына ғалымның әріптестері, оқушылары, достары, туыстары, профессор-оқытушылар құрамының өкілдері және университеттің инженерлік-технологиялық факультеті мен басқа да факультеттерінің студенттері қатысты.

Аудиторияны ашудың салтанатты рәсімінде Михаил Борисовичтің достары, әрі әріптестері, профессорлар А.К. Кәкімов, А.Е. Еренғалиев және З.А. Паримбеков лентаны кесті. Кейін қатысқан қонақтар Гидравлика аудиториясын тамашалап, естеліктер әлеміне үңілді.

Жетекші ғалымдар: профессор Б.А. Ердембеков пен профессор Қ.Ж. Әмірханов жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін айтты.

Салтанатты рәсім соңында қонақтар негізгі формулалар мен эпюраларды қамтитын бірегей стендтермен танысты.

Жоғары оқу орындарында атаулы аудиторияларды ашу, білім алушылар үшін аса маңызды. Ұлы ғалымдардың жолы мен жетістіктерін есте сақтау болашақ ұрпақтың қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз.

М.Б. Смирновтың атаулы аудиториясын ашуда Шәкәрім университетіне, Б.А. Ердембековке және біздің факультеттің түлектеріне, университетіміздің дизайнеріне, тігін цех жетекшісіне жан-жақты көмек көрсетуде зор алғысымызды білдіреміз!

Сондай-ақ, "СемАЗ" ЖШС, "Семей инжиниринг" АҚ жұмыс беруші серіктестерімізге іс-шараға жәрдемдескені және көрмеге техника ұсынғаны үшін алғыс айтқымыз келеді.

Бөлісу